Айтар да қояр
Жыласаң "жылаңқы" деп айдар тағар,
Ал күлсеңіз "күлегеш" біреу санар. 
Үндемесең "тіліңді жұттың ба?" деп,
Ал сөйлесең "мылжың" деп күйе жағар.
 
Еңбек етсең "пысық" деп сынар тағы,
Демалып жатсаң  "жалқау" қылар тағы, 
"Керуен көшіп, ит үрген" мысалындай
Айтып-айтып ақыры тынар жағы.
 
Келмейді қайта оралып өткен күндер, 
Сондықтан, өзгелерге құлақ қойма. 
Тіпті, "мынау бос өлең оқыды" деп,
Айтар сол жұрт, бауырым, оны да ойла.
 
                Аударған: Сабырбек Тілектес
Тілектес СабырбекТілектес Сабырбек
5 жыл бұрын 3045
0 пікір
Блог туралы