Бірнеше минуттық тәфәккүр
Бірнеше  минуттық тәфәккүр
    Мұсылман адам намазда тұрғанда, өзінің не айтып тұрғанын білуі өте маңызды. Сондықтан Құлшылығымызға бір пайдасы болар-ау деген ниетпен  Фатиха сүресінің алғашқы төрт аятына қысқаша тәфәккүр жасайық. Тәфәккүр - ол ойлану, ал ойланғаннан ешкім ұтылған емес.
    Алемдердің Раббысы болған бір Аллаға мадақ. Әлбетте, мадақтау мен мақтауды тек құдыретіне тәнті әрі разы болған адам ғана айтады. Ендеше бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратуы, әрі кеудесінде жаны бар  жаратылыстардың өмірін жалғастыруына жағдай жасауы, Жаратушының мейірімінен екені жалған емес. Олардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын үздіксіз өтеуде. Иә, бүкіл Әлемнің Раббысы әлі де нығыметтерін жаудыруда. Ендеше, бізде  мадақтаудан еш тосылып қаламайық.
    Егер сіз адамдардан "Өмірдің мәні не?" деп сұрасаңыз, олардың көбі "махаббат" деп жауап берері,  нақтырақ айтсақ мейірім Махаббаты дері анық. Ғасырымызда адамның жүрегінің төрінен орын алып, көңіліңізді толқытып, рухыңызды тербейтін шығармалар, өлеңдер, кинолардың бәрі мейірім махаббатың айналасында өрбиді. Өйткені жер бетінде мейірім махаббатынан терең, мейірім махаббатынан тұнық әсерлі сезім жоқ. Ал қасиеті Құран Кәрімдегі (ретімен алғанда) Ұлы Жаратушыға берілген алғашқы сипат та . "Аса қамқор, ерекше мейірімді",- деп Ұлы Алланың әлемдерді мейірімімен жаратқандығын көреміз. Ал осы рақым-мейірімімен жаратқан мақұлықтарына зәбір көрсетіп, азғыншылық пен бұзғыншылықтың шеңберінен шықпаса оларға Фатиха сүресінің "Қиямет күннің иесі" деген үшінші аяты ескерту жасайды. Әділ Алла бір-бірінде ақысы кеткендерді Өзінің Ұлы Құдыретімен ақыларын алып беріп, есеп күнін өткізеді. Сондай мейірімді, сондай әділетті Ұлы Жаратушының қарсысында "тек саған ғана құлшылық етіп, тек сеннен ғана пана тілейміз" - деп, бүкіл нығыметтерге шүкіршілігмізді айту, мына біздерге парыз.
 
Тілектес СабырбекТілектес Сабырбек
6 жыл бұрын 5400
0 пікір
Блог туралы