Егін алқабында қаптап өсіп кеткен қара ағаштар, жер жыртып егін салуға кедергі болғасын Нұржан сол ағаштарды тамырымен қопарып алып тастамақшы. Қасынан бір елі қалмай қолғабыс тигізіп жүрген екі інісі, шамалары жеткенше тырбаңдап көмектесуде. Оншақты күнге созылған ауыр жұмыстан кейін жұмыс бітуге айналды. Таң ата екі інісін ертіп егін алқабына келе сала қызу жұмысты бастап-ақ кетті, ойлары жұмысты бүгін ақшамға дейін бітірмек. Күн ұясына қонып жұмыстарын бітер-бітпес жауында жауа бастады. Үшеуі заттарын жинап шетте тұрған алма ағашының астын пана етті. Сіркіреп жауған жаңбыр айналадағы қатқан топырақты езіп, балшықпен тасқа келіп соғылған жаңбырдың сансыз тамшыларынан шыққан дыбыс, бір уақытта тартылған оркестрдің ғажайып туындысы секілді құлаққа кереметтей жағымды естіліп, бойды ерекше сезім биледі. Анда санда жарқ-жұрқ екен найзағайдың жарқылы әр дайым көре бермейтін тас қараңғы көріністі көруге мұрсат беріп, бір сәтке жарқыратып, айналаны нұрландырып, ғажайып көрініске бөледі. Осы бір ғажайып құбылыстар Нұржанның көз алдына бес алты жыл бұрын әкесімен бірге өткізген жаңбырлы күндерін еске түсірді. Әкесі сырқаттанғасын егін алқабы жайына қалып жас шыбықтар сонда пайда бола бастаған. Әкесінің: "бұл жас шыбықтарды қазып, басқа жаққа отырғызу керек" деп айтқан сөздерін де есіне алды. Келешекке де көз жүгіртті. Жақында өзінің оқу орнындағы озық шәкірттермен бірге, білімін жетілдіру үшін бес жылға шетелге кетпек. Қасындағы екі інісіне мейірім көздерімен үңіле бес жыл көрмейтінін ойлап сол сәтте-ақ сағына бастады. Ақылындағы сапырылысқан ойлар осы екі бауырының болашағына да ой жүгірті. Олар мектеп бітіргесін не істемек? Қандай адам болып ер жетер? Өзінің ауылындағы құрдастары секілді ақылдың артынан ілеспей, нәпсі қалауларының айдауымен жүретін, адам атаулыға лайықты емес істер істемесіне кім кепіл. Достарын да оңды іске, білім алуға, дұрыс жолға қаншама рет шақырды. Алайда мына ағаштардың діңгегіндей қатайып, теріс амалдар бойларына сіңіп, еттері үйренісіп кеткен оларды, қайта түзеу, егін алқабында өскен алып ағаштардың жұмысындай ауыр екендігі анық. Ал екі інісі бес-алты жыл бұрынғы жас шыбықтай. Оларға дұрыс тәрбие беріп, бас-көз болса, қазіргі өздері пана еткен алма ағашы секілді көпке көмегін тигізер еді. Жаңбыр бәсеңдегесін аяңдап үйге келді. Сан-қилы ойлар мен толғаныстар ішінде қабылдаған шешімі - ұстаздары сияқты елді аузына қаратқан білімді де білікті маман болу емес. Мүйзі қарағайдай атақты адамдармен қатарлас, деңгейлес болу емес. Шамасы жеткенше өздігінен білім алу, әрі ауылда қалып анасына жәрдем етіп, екі інісінің қамын қамдап, дұрыс бағыт-бағдар беру. Тек өзін және өзінің нәпсі қалауларын ойлайтын бір беткей адам емес, өзінен бұрын өзгенің қамын жейтін, әрі әр-бір махаббатына махаббат жауабын қайтаруды парыз санайтын адал адам тәрбиелеу.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.