Бірнеше минуттық тәфәккүр
Мұсылман адам намазда тұрғанда, өзінің не айтып тұрғанын білуі өте маңызды. Сондықтан Құлшылығымызға бір пайдасы болар-ау деген ниетпен Фатиха сүресінің алғашқы төрт аятына қысқаша тәфәккүр жасайық. Тәфәккүр - ол ойлану, ал ойланғаннан ешкім ұтылған емес. Алемдердің Раббысы болған бір Аллаға мадақ. Әлбетте, мадақтау мен мақтауды тек құдыретіне тәнті әрі разы болған адам ғана айтады. Ендеше бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратуы, әрі кеудесінде жаны бар жаратылыстардың өмірін жалғастыруына жағдай жасауы, Жаратушының мейірімінен екені жалған емес. Олардың қажеттіліктері мен...